Қарағандыда суретші Мәдихан Қалмахановтың көрмесі ашылады

Қарағандыда суретші Мәдихан Қалмахановтың көрмесі ашылады

"Алтын ғасыр" галереясында 3 қараша күні сағат 16:00-де белгілі қарағандылық суретші Мәдихан Қалмахановтың жеке көрмесі ашылады. 

«За окном октябрь»

Көрмеде автордың 20-дан астам жұмыстары ұсынылады.

«Ожидание»

Өнер сүйер қауым түрлі әйелдер бейнесін, Бектау-ата, ШҚО Катонқарағай ауданының шатқалдарының әсем пейзаждары, сондай-ақ күзгі мотивтер мен заманауи стильдегі натюрморттарды тамашалай алады. Ең үлкен суреттің өлшемі-1,3*1,6 метр.

«Танец»

– Көрмеде мен 21 суретті ұсынамын, оның 16-сы биыл салынған. Яғни, бұл суреттерді әлі ешкім көрген жоқ. Бұл негізінен Шығыс Қазақстан облысының пейзаждары, онда мен жазда жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған көрмесінде болдым, – дейді Мәдихан Қалмаханов. – Сондай-ақ өнер сүйер қауым менің басқа да жұмыстарымды көре алады. Көрермен менің суреттерімнен эстетикалық ләззат алғанын қалаймын. Біздің күнделікті  жұмыс күндерімізді түрлендіргім келеді. Сондықтан барлықтарыңызды көрмеге шақырамын.

«Вкус граната»

Экспозиция 29 қарашаға дейін жалғасады.

"Алтын ғасыр" галереясы Комиссаров көшесі, 35а мекенжайында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Мадихан Қалмаханов – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының корреспондент-мүшесі, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Мәдениет және өнер үздігі.

Ол көптеген шетелдік, республикалық, облыстық көрмелердің қатысушысы, оның туындылары Қазақстан, Ресей, ТМД елдері, Германия, Францияның мұражайлары мен жеке коллекцияларының жинақтарында сақталады.