Қарағанды облысының волонтерлері гранттар конкурсына қатыса алады

Қарағанды облысының волонтерлері гранттар конкурсына қатыса алады

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы волонтер ұйымдары арасында гранттар ұтысына өтінімдер қабылдайды. Конкурсқа әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырғысы келетін волонтер ұйымдары мен жеке тұлғалар қатыса алады.

Жобалар Қазақстан тұрғындарының өзекті мәселелерін волонтерлік қозғалыс күштерімен шешуге және кез келген бағытқа сәйкес келуге бағытталуы тиіс:

1) Әлеуметтік волонтерлік (қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен және жасөспірімдермен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу; жалғызбасты қарттарға тұрақты негізде жеңілдікті әлеуметтік қызметтер көрсету; жастарды кәсіптік бағдарлау; үйсіз адамдарға көмек көрсету; бұрынғы тұтқындарды әлеуметтік бейімдеу; абаттандыру, көркейту және жайлы қалалық орта құру; жаңа әлеуметтік қызметтерді пайдалану; халықты әлеуметтік қолдау тәсілдері және т. б.);

2) зияткерлік волонтерлік және халыққа білім беруді қолдау (халықтың әлеуметтік осал топтарын жаңа кәсіптерге оқыту жөніндегі жобаларды әзірлеу; мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қосымша дағдылар мен қолжетімді кәсіптерге оқыту жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу);

3) экологиялық волонтерлік (жас ұрпақтың экологиялық ойлауын қалыптастыру, экологиялық мінез-құлық пен әдеттердің жаңа үлгілерін енгізу; қоқысты бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша; қалалық ортада (қоқыс үйінділері және т. б.) жергілікті экологиялық проблемаларды шешу модельдерін әзірлеу бойынша жобалар; қалалық ортаны көгалдандырудың инновациялық тәсілдерін іздеу және т. б.);

4) зооволонтерлік (жас ұрпақтың үй жануарларына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және жануарлар дүниесін қорғау; баспаналарға, ветеринариялық ауруханаларға көмек көрсету; қалалық ортада қаңғыбас жануарларға көмек көрсету; жабайы жануарлар мен құстар популяциясын қолдау және т. б. жобаларды әзірлеу);

5) азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру (мүмкіндігі шектеулі және ауыр сырқаттары бар адамдарға көмек көрсету; түрлі аурулардың профилактикасы; қарттарды салауатты өмір салтына тарту; аурулардан және стресстен кейін адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту; халықты психологиялық қолдау және т.б. жобаларды әзірлеу).

Грантқа іріктеу 2023 жылдың 30 қарашасына дейін өтеді.

Гранттар әр жобаға 500 мың теңге мөлшерінде ақшалай берілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер cmiko@inbox.ru  электрондық поштасына  23 қарашаға дейін қабылданады. Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс: куәліктің сканерленген көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғының және құрылтай шартының сканерленген көшірмесі (бар болса), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Өтінімде қосымша құжаттар болуы мүмкін – мысалы, ұсыныс хаттары, сертификаттар және т. б.

Жасы 18 жасқа толмаған қатысушылар комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ата-анасының/заңды қамқоршысының банктік шотын және растайтын құжатты (туу/ қамқоршылық туралы куәлік) ұсынуы қажет.

Байқау нәтижелері туралы Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының ресми аккаунттарынан білесіздер.

Толығырақ ақпаратты 8-708-272-64-70 (WhatsApp) нөмірі арқылы алуға болады.