
Астанада "Қазақстанның үздік тауары – 2023"республикалық көрме – конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша 27 финалист анықталды. Олардың ішінде екі қарағандылық компания бар – "Drive Industry" және "A.V.Group".

Көрмеде өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары-еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 180 компания өз өнімдерін ұсынды. Қарағанды облысынан тоғыз кәсіпорын қатысты. Үшеуі "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық үшін үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары"номинациялары бойынша.

"Drive Industry" ЖШС "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"номинациясы бойынша финалистердің бірі болды. Компания отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарламаларға, республикалық маңызы бар жобаларға қатысады.
"A.V.Group" Саран қаласындағы тігін кәсіпорны "Халық үшін ең үздік тауарлар"номинациясында жеңіске жету үшін күреседі.
– Біз бұл нарықта сегіз жыл болдық. Біздің клиенттеріміздің арасында "Қазақстан темір жолы", "Қазпошта", "Самұрық Энерго", "KEGOC"сияқты ірі компаниялар бар. Біз жылы жейде, күртеше, баскиім мен күзет кәсіпорындарына арналған киім тігеміз. Біз заманауи жабдықтарды, мінсіз шикізатты қолданамыз, – дейді Андрей Репецкий, "A.V.Group"ЖШС өндіріс бастығы.
Байқаудың келесі кезеңі 31 қазан күні www.altynsapa.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы басталады. Дауысты 5 қараша сағат 24:00-ге дейін беруге болады. Қазақстандықтар әр номинация бойынша үш үздік кәсіпорынды таңдайды. Содан кейін арнайы комиссия жеңімпаздарды халықтық дауыс берудің нәтижесі арқылы анықтайды.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша