Нұра ауданы Ақтүбек ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Нұра ауданы Ақтүбек ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Нұра ауданындағы Ақтүбек ауылының тұрғындары үшін ауыз су ұңғымасы бұрғыланды.

Су тарату станциясы бар ұңғыма ауылдарды 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жабдықталған. 

Ол тұзсыздандыру қондырғысымен жабдықталған.

– Ақтүбек тұрғындары бұған дейін 9 шақырым жерде орналасқан Құланөтпес ауылынан су тасыған. Не болмаса олар ұңғымаларын пайдаланды, бірақ ондағы су тұзды болды. Жақында оларға облыстық бюджет есебінен жаңа ұңғыма бұрғыланды. Ол жабық типті, су тарату станциясымен және тұзсыздандырғышпен жабдықталған. Енді тұрғындар сапалы ауыз суды пайдалана алады, – деді ТКШ бөлімінің басшысы Нұржан Оралбаев.

Сондай-ақ, Нұра ауданында бес ауылды - Тікенекті, Талдысай, Жанбөбек, Баршын және Құланотпесті интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Тікенекті және Талдысайда жұмыстар 90 пайызға аяқталды.