Балқаштың көпсалалы ауруханасы жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандырылды

Балқаштың көпсалалы ауруханасы жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандырылды

Балқаш көпсалалы ауруханасының дәрігерлері заманауи жоғары технологиялық аппараттар мен жабдықтар алды. Жаңа техника "Дені сау ұлт"жобасы бойынша сатып алынды.

Бұл бірнеше ультрадыбыстық, фиброгастродуоденоскопия, өкпені жасанды тыныстандыру аппараттары, колоноскоп, бронхоскоп және бет маскалары түріндегі Т-жүйелер. Олар арқылы балаға өкпені ауыртпалықсыз ашып, өздігінен тыныс алуға көмектесу үшін белгілі бір қысыммен оттегі беріледі. Құрылғылар ересек пациенттерде де, жаңа туған нәрестелерде де ауруларды тиімді диагностикалауға ықпал етеді. Барлық құрылғылар Швейцарияда жасалған.

"Жаңа туған нәрестелерді қарқынды терапия және реанимация палатасын жабдықтау жақсарды. Өкпені жасанды желдетудің қосымша аппараттарын сатып алдық, – деп хабарлады Балқаш қаласының денсаулық сақтау бөлімі. – Олар мерзімінен бұрын туылған, ауыр асфиксиямен немесе терең шала туылған нәрестелерге тыныс алуды қамтамасыз етеді. Енді біз оларға салмағы 300 грамм болатын сәбилерді қоса аламыз. Өкпені жасанды тыныстандыру аппараттарының саны екі есе өсті".

Жедел жәрдем қызметкерлері керек жерде шағын зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи фельдшерлер жиынтығымен жабдықталған. Сандық құрылғылар бастапқы талдаулардың нәтижелерін алуға және адамның жалпы жағдайын тексеруге мүмкіндік береді. Қажет болса, мамандармен онлайн-конференция өткізуге болады.

 Аурухана барлығы 25 жаңа аппаратпен және аспаптармен толықтырылды. 2025 жылға дейін стационар тағы 2,5 млрд теңгеге жабдықталады.