
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында қаза тапқан 45 кеншінің денесі табылды, тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің аумағында жүргізілуде.
Кеншілер қалуы ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуіне барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Көзге көрінетін жану ошақтары байқалмаған, газ жағдайы қалыпты.
Ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: Қарағандыда – (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі