Костенко атындағы шахтада ТЖ кезінде 22 қаза тапқандардың денесі табылды

Костенко атындағы шахтада ТЖ кезінде 22 қаза тапқандардың денесі табылды

Қазіргі уақытта 22 қаза тапқандардың денелері табылды, 24 кеншіні іздеу жалғасуда.

– Бүгін, 28 қазанда Қарағандыда 02:33-те "АрселорМиттал Теміртау" КД Костенко атындағы шахтасында минус 100 көкжиекте орналасқан, тереңдігі 700 метрге жуық лавада өрт шықты. Шұғыл түрде апатты жою жоспары енгізілді. Өрттен соң біраз уақыттан кейін жарылыс болды, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер жер бетіне көтерілді. Қазіргі уақытта 22 кеншінің денесі табылды, 24-ін іздеу жалғасуда.

Костенко атындағы шахтада авариялық-құтқару жұмыстарына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Жұмыс екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізілуде. Көзге көрінетін жану ошағы жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды көтеру жүргізілуде. Жеке нүктелерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталды.

Ақпараттық және психологиялық қолдау үшін Қарағанды – (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08 жедел желісінің телефондары ашылды.

Қарағанды облысы ТЖД