
Қарағандылық әуесқой спортшы және велошабандоз Ернат Мелсұлы Астана көшелерімен 6 сағат ішінде 106 км жол жүрді. Ол өзінің веложарысын Қазақстан Республикасы күніне және Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына арнады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Түркия Республика күнін атап өтеді.
Веломарафоншы Қазақстандағы Түркия елшілігін таңдап, Астанадағы Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішінде аяқтады. Мәре сызығында оны Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу, жанкүйерлер мен журналистер қарсы алды.
Ернат Мелсұлы үш сағат бойы тоқтаусыз 60 км жол жүрді. Содан соң 30 минуттық демалыстан кейін веложарысты жалғастырды. Бар-жоғы 6 сағатта ол 106 км жүріп өтті.

Нәтиже ресми түрде халықаралық сертификатталған Strava мобильді қосымшасында тіркелген. Strava мәліметтері бойынша, веложарыс кезінде спортшының орташа жылдамдығы 17 км, ал ең жоғары жылдамдығы 36 км-ден асты.

– Менің арманым-мақсатым – әлем бойынша саяхаттау, қазақ мәдениетін, жеріміз мен халқымыздф, Абайдың "Толық адам" тұжырымдамасын насихаттау, халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікке шақыру. Келесі жылы мен Стамбулда аяқтаған халықаралық велотурды жалғастыруды, 10 елдің аумағынан өтіп, Парижге жазғы Олимпиада ойындарына баруды жоспарлап отырмын. Бұл веломарафонды таэквондодан 6-шы дан алған мұсылман елдері өкілдерінің алғашқы спортшысы Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығына және әлемдік деңгейдегі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнаймын, – деді Ернат Мелсұлы.
