Қарағандылықтарды Француз фото суретшісімен кездесуге шақырады

Қарағандылықтарды Француз фото суретшісімен кездесуге шақырады

Қарағандылықтар авторы жай суретші емес, зерттеуші болып табылатын пәнаралық фотография өнеріне баули алады. Жас француз фотографы Адель Желански-Шарль өзінің шығармашылық тәжірибесімен бөліседі.

Кездесу 30 қазан күні сағат 18:00-де "Гражданин художник" арт-кеңістігінің алаңында өтеді (Ермеков көшесі, 33/1, 4 қабат). Кіру тегін.

Адель графикалық және сандық фотосуреттермен жұмыс істейді. Техникамен, бояулармен және бейнелермен тәжірибе жасайды. Пейзаждарда урбанизмді, адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейді.

Биылғы жылы Адель Желански-Шарль Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен Француз Альянсының көмегімен жүзеге асырылып жатқан Art Future жобасында жеңіске жетті. Фотосуретшіні Алматыдағы арт-резиденцияға шақырды. Екі ай бойы ол Қазақстан мәдениетімен танысты. Нәтижесінде "Егер сен адасып қалсаң, тауға қара" атты жеке көрме пайда болды.

Өнертанушылардың пікірінше, Адель Желански-Шарльдің шығармашылығы – ойын-сауық басқатырғыштарының бір түрі. Ол Қазақстанды бір уақытта турист, антрополог және суретшінің көзімен көрді.