
Қарағандылық спортшы Дастан Мұқашбеков Азия пара ойындарында ядро лақтырудан алтын медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 15 м 74 см.

2023 жылдың шілдесінде Парижде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтті. Дастан Мұқашбеков сол біріншілікте қола медаль жеңіп алып, Париждегі 2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Сол кезде Қарағанды облысының мүгедектер спорты бойынша мектеп өкілі Азия рекордын орнатқан болатын – 15,74 м. Сол үздік нәтижемен Дастан Мұқашбеков Азия пара ойындарында алтын алды.

Екінші орында БАӘ-ден Алкаби Мұхаммед (12.99), үшінші орында қазақстандық Иван Зелезняк (12.39).
Қарағандылық спортшыны Сергей Безгачев жаттықтырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы