
Теміртаулық дзюдошы Даяна Федорова Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды.

Үшінші орын үшін күресте спортшы Үндістаннан келген қарсыласын жеңді.

Даяна Федосова 2022 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды. Биылғы жылы парадзюдошы Астанада өткен Азия чемпионатында алтын алды. Федосова нашар көретін 57 келіге дейінгі спортшылар арасында өнер көрсетті. Ол турнирде төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Енді жаңа шың – Азия пара ойындарының қоласы.
Спортшыны Қанат Сағындықов жаттықтырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы