Шет ауданында жаңа балабақша ашылды

Шет ауданында жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 50 орындық "Інжу" балабақшасы іске қосылды. Онда бір жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған екі топ бар.

Бұрын ауылда балабақша болмаған.

– 13 адам жұмысқа орналастырылды: тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, аспаздар, ас үй қызметкерлері, өрт сөндірушілер, күзетшілер, кір жуушылар, тазалаушылар және медбике.

Жатын бөлме мен ойын бөлмелері бөлінген. Аулада ойын алаңдары жабдықталған, болашақта қосымша әткеншектер орнатылады. Арнайы білімге мұқтаж ерекше балалармен жұмыс істейтін инклюзивті топ ұйымдастыру жоспарлануда, – деді балабақша құрылтайшысы және "ИНЖУ М2023" ЖШС директоры Ерқанат Шайхы.

Ата-аналардың қалауы бойынша балаларды мектепке дейінгі мекемеге жеткізу ұйымдастырылған.