Саранның тоғыз жас тұрғынына "Қыран" сыйлығы табысталды

Саранның тоғыз жас тұрғынына "Қыран" сыйлығы табысталды

Саран қаласының дарынды жастары 11-ші рет "Қыран" қала әкімінің сыйлығымен марапатталды. Биылғы іс-шара Республика күніне орайластырылды.

"Қыран" сыйлығы 14 пен 35 жас аралығындағы жас сарандықтарға жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Марапат сегіз номинация бойынша беріледі: "Жылдың жас маманы", "Жылдың жас спортшысы", "Отан қорғаушы", “Жылдың жас кәсіпкері", "Жылдың жас жұмысшысы", "Мемлекеттік тіл – болашағым"(өзге ұлт өкілдері үшін), "Жылдың жас таланты" және "Денсаулық сақтау саласының жас қызметкері". Биыл тағы бір номинация қосылды - "Жылдың жас жетекшісі". Конкурсқа барлығы 32 өтінім түсті.

"Жылдың жас маманы" номинациясы бойынша № 2 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илья Карпов жеңімпаз атанды. Ол оқу орнына 2010 жылы Абай атындағы Саран колледжін бітіргеннен кейін тәлімгер болып келген.

– Мен үшін бұл сыйлық – педагогикалық қызметімнің өзіндік нәтижесі. Бірақ бұл менің данагөз тәлімгерлеріме де құрмет. Атап айтқанда, менің әжем экономика ғылымдарының кандидаты Марта Корнеевна Колина және Саран қаласының Құрметті азаматы Анна Михайловна Курьяноваға деген құрмет деп білемін. Бұл байқаудағы жеңістің басым бөлігі менің оқушыларыма тиесілі. Менің оқушыларым мектептегі ең жақсы балалар, олармен жұмыс істеу оңай және қызықты. Педагогикалық қызметімнің барлық 13 жылында "Ұстазбын мен, тыныштықтан айырылған. Десе де бұдан өзге қызықты мамандық жоқ" ұранымен қызмет етіп келемін, – дейді Илья Карпов.

Е. А. Бөкетов атындағы Қару студенті Евгения Бенко "Мемлекеттік тіл – болашақ" номинациясы бойынша үздік атанды.

– Мен мектепте мемлекеттік тілді қарқынды оқи бастадым. Бұл ретте маған қазақ тілі мұғалімі Сымбат Құрмашқызы Зикирова көп көмегін көрсетті. Ол көптеген ақпарат берді, әртүрлі конкурстарға, олимпиадаларға жіберді. Мен оған өте ризамын. Бүгінгі таңда қазақ тілін білу маған өмірде, қарым-қатынаста, оқуда көп көмектеседі. Сыйлық алсам да, әлі тоқтамауым керек, – дейді Евгения Бенко.

Сыйлық жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар, дипломдар мен мүсіншелер табысталды. Он сегіз үміткер алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.