
Қарағанды облысындағы теміржол тұйықтарында 50 мың тоннаға жуық түрлі маркалы көмір бар.
Қарағанды өңірінде халыққа көмірді бір шахта мен сегіз разрез жеткізеді. Биылғы жылы өндіріс пайызын арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, тұрғындарға көмір сатумен Қарағанды қаласындағы EXIM Artis байыту фабрикасы айналысады.
Бүгінде қоймалардағы қатты отынның жалпы көлемі 50 мың тоннаға жуық. Жергілікті жерлерден басқа Майқұба, Екібастұз және Қаражыра көмірі де бар.

Қарағанды облысы бойынша көмір сататын 55 нүкте ашылды. Балқаш қаласы, Қарағайлы және Ақтоғай ауылдарында қосымша тұйықтар пайда болды.

Қарағандыда көмірді 19 пунктте сатып алуға болады. Барлық нүктелердің мекенжайлары "2гис" электрондық анықтамалығында орналастырылған.

Ең төменгі баға көмір маркасына байланысты. Мысалы, нан-макарон комбинатының арғы жағында орналасқан тұйықта шұбаркөл көмірінің бір тоннасы 13 450 теңге тұрады. Қара отын бағасы облыс орталығынан неғұрлым алыс болса, соғұрлым қымбатырақ түседі.

Егер көмірдің сапасы туралы сұрақтар туындаса, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласу қажет. Қарағанды бойынша жедел желі нөмірі 42-15-05.