Қарағандылықтарды «Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды «Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12 мамырдан бастап «Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясын іске қосты. Чектер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Қарағанды облысының әрбір тұрғыны сатып алынған тауар (жұмыс пен қызмет) үшін чекті Wipon тегін мобильді қосымшасы арқылы жолдап, ұялы телефон теңгерімі толтырылатын ақшаны ұтып ала алады. Чектердің саны шектелмейді.

Сондай-ақ, егер сізге сатып алу немесе көрсетілген қызмет үшін фискалдық чек бермесе, шағымды осы Wipon қосымшасы арқылы жіберуге болады. Чек бермеу фактісі расталғаннан кейін телефоныңыздың балансы толтырылады.