
Қарағандыда Республика күні қарсаңында облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл көптен күткен нысан: бұрын жұмыс істеген мекеме 90-шы жылдары жабылып қалған. Енді спортшылар қайтадан орталықтандырылған медициналық қызметтер алу мүмкіндігіне ие болып, кешенді тексеруден, оңалтудан өте алады.

Жаңа әлеуметтік нысанда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты.

Диспансерде 36 дәрігер және 19 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Штат білікті мамандармен жабдықталған: травматологтар, кардиологтар, невропатологтар, ортопед, реабилитолог, психолог және т.б. қызмет көрсетеді.

Барлық техника заманауи, 29 кабинет жабдықталған,

оның ішінде процедуралық, физиотерапиялық, массаж бөлмелер бар. Жеке зертхана жабдықталған.

Емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді.

– Біздің басты міндетіміз – спортшыларды тексеру және оңалту, сондай-ақ жарыстан, күшейтілген жүктемелерден кейін қалпына келтіру курстары. Қазіргі уақытта қызметтер мемлекеттік ұйымдарда айналысатын спортшыларға тегін ұсынылады. Болашақта жеке спорт клубтарының мамандары да жүгіне алады, – дейді спорттық медицина бөлімінің меңгерушісі Лилия Таранюк. – Қазір біз тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізіп жатырмыз, бұған мұқият дайындалдық. Көп жылдардан бергі бұл Қарағандыда тұңғыш рет іске қосылды. Спортшылар өте риза, өйткені енді Алматыға медициналық тексеруге барудың қажеті жоқ. Біздің базамыз өте жақсы, мамандар жоғары білікті. Әр пациентке жеке көңіл бөлеміз.

Спорт ардагері Валерий Громов бұл Республика күніне жақсы сыйлық деп санайды.
– Бүгінгі таңда медицинасыз спортты елестету мүмкін емес, өйткені жүктеме үлкен. Мұндай қолдаусыз нәтиже болмайды. Қарағандылықтар үшін бұл, әсіресе, келесі жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында керемет сыйлық. Бұл орталықтың ашылуын күттім, бірақ мұндай кең ғимарат, керемет база, жайлы болады деп ойлаған жоқпын, – деп спорт қайраткері өз әсерімен бөлісті.

Атақты боксшы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те қуанышын білдірді.
– Мен көптеген түрлі диспансерлерді, оңалту орталықтарын көрдім. Алайда мұнда ең жаңа жабдық орнатылған, барлығы сапалы спорттық медицина үшін жасалған. Спорттық қызметке қорытынды жыл сайын беріледі, бұрын ол үшін Алматыдағы спорттық медицина және оңалту орталығына тексеруге баруға тура келді. Қазір осы жерде қол жетімді, – деді ол.
Осылайша, өңірде Мемлекет басшысының спортшыларды даярлау және спорттық медицинаны дамыту үшін заманауи инфрақұрылым құру туралы тапсырмасы орындалады.
Облыста мемлекеттік спорт мекемелерінде 28 мыңнан астам адам айналысады. Өңірде 35 мамандандырылған және балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, екі жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді.