
Егіндібұлақ ауылында орман шаруашылығы қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті. Кувск шаруашылығының аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша орман шаруашылығы қызметкерлері күні мен Республика күніне арналған жарыстар ұйымдастырылды.

Спартакиадаға Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің, Қарағанды, Кувск және Ақтоғай орман шаруашылықтарының қызметкерлері қатысты.

Бағдарламаға волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, садақ ату және қол күресі кірді. Орман өрт сөндірушілері үшін дабыл бойынша жиналу және шақыруға шығу жарыстары өтті.

– Біз қызметкерлер арасында спортты дамытуға тырысамыз. Жыл сайын спартакиадаға қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Мұндай жарыстар біздің жақсы дәстүрімізге айналды, – дейді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды "Қарқаралы МҰТП" РММ командасы, екінші орынды "Қарағанды ОҚжЖӘШ" КММ, "Кувское ОҚжЖӘШ" КММ көшбасшыларының үштігін тұйықтады.

Қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.