
Тулар мен баннерлер, фотоаймақтар мен мерекелік автобустар – Қарағанды Республика күніне орай безендірілудн. "Менің елім – менің туым!" челленджіне кез келген қала тұрғыны қосыла алады.

№ 3 Қарағанды автопаркі маршрутқа бес мерекелік автобус шығарды.

Қоғамдық көлікте қалықтаған бүркіттің, "Қазақ елі" монументінің және "25 қазан" мерекелік бейнелері мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды. Автобустар № 1, 43 және 118э маршруттарымен жүреді.

Қарағанды көшелерінде 10 баннер, 1500 консольдық ту және 300 ту конструкциясы орналастырылды.

Гүлзарлар мен көшелерде фотоаймақтар орнатылған.

Дәстүр бойынша "Қарағанды" қонақ үйінің балкондарына жалаулар ілінген.

Көшелер мен саябақтарда еріктілер бір жарым мыңнан астам жалаушаны таратып үлгерді.

Акция жалғасуда.

25 қазан күні сағат 10:00-де "Қыран елім-Қазақстан" гимнінің бірыңғай орындалуы және Ту тұғырының аумағында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтеді.

Барлық ниет білдірушілерды шараға қатысуға шақырады.
