Қарағанды орталығында мүгедектігі бар адамдарға арналған ашық есік күні өтеді

Қарағанды орталығында мүгедектігі бар адамдарға арналған ашық есік күні өтеді

Қарағанды қаласының Тen Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында 24 қазанда ашық есік күні өтеді. Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері келеді.

Осы күні келгендерге жұмысқа орналасу, оңалту құралдары, әлеуметтік төлемдер және т. б. туралы тікелей сұрақтарын қою мүмкіндігі беріледі.

Сауалдарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Әділет департаментінің, энергетика және ТКШ басқармасының және басқа да ведомстволардың қызметкерлері жауап береді.

Басталуы сағат 15.00-де.

Ten Qogam орталығының мекенжайы: Тәттімбет көшесі, 709, 5-кеңсе.