
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында Республика күніне арналған үлкен бағдарлама дайындалды. Мерекелік концерттер, экологиялық шаралар, спорттық және поэзиялық байқаулар, көрмелер және т. б. жоспарланған.
Қарағанды
21 қазан
«Жастар» спорт кешені, 09:00
«Жауынгер рухы» каратэден ашық қалалық чемпионат.
23 қазан
«Жастар» спорт кешені, 12:00
Тоғызқұмалақтан жарыс.
Зағиптар мен нашар көретіндер мәдениет үйі, 10:00
Тоғызқұмалақ бойынша турнир.
24 қазан
«Молодёжный» МҮ, 11:00
Республика күніне арналған концерттік бағдарлама.
25 қазан
Ту тұғыры, 10:00
«Қыран елім – Қазақстан» әнұранын бірігіп орындау.
Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана, 12:00
«Кітап оқитын ұлт» акциясы.
Жаңа Майқұдық МҮ, 12:00
«Қазақстан – менің мақтанышым» атты мерекелік концерт.
Теміржолшылар МҮ, 12:00
«Мәңгілік жаса, қыран елім» атты мерекелік концерт.
Теміртау
21 қазан
«Металлург» стадионы, 10:00
«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы.
23 қазан
Достық үйі, 12:00
Қазақ мәдениеті көрме залының ашылуы
24 қазанға дейін
Тарихи-өлкетану мұражайы
«Республика мүлкі» атты мұражай квесті.
24 қазан
Мәдениет сарайы, 12:00
Теміртау қаласының дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарына салтанатты құрмет көрсету, «Менің Қазақстаным» мерекелік концерті.
Орталық кітапхана, 11:00
«Жырлаймын сені Қазақстан» атты поэзия жарысы.
25 қазан
«Металлурги» ескерткіші, 10:00
Патриоттық акция аясында «Қыран елім – Қазақстаным» әнұранын орындау.
Мәдениет сарайы, 12:00
«Бұран бел» қазақ халық биінің ІІ қалалық фестивалі.
Балқаш
23 қазан
Хамзин атындағы мәдениет сарайы, 15:00
Мерекелік концерт. 200 адамнан тұратын хор балқаштық ақын-композитор Қуандық Сәденовтың «Әділетті Қазақстан» әнұранын орындайды.
25 қазан
Жидебай-батыр ескерткіші, 10:00
«Менің Туым – Менің Отаным» атты патриоттық акциясы аясында ту ұстаушылардың шеруі өтеді. Ағыбай батыр ескерткіші алдында еліміздің әнұраны орындалады.
Приозёрск
21 қазан
Қаланың орталық көшелері, 10:00
«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы.
24 қазан
«Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, 16:00
«Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстаным!» гала-концерті.
25 қазан
Балқаш көлі жағажайы (ту тұғыры жанында), 11:00
Патриоттық акция аясында «Қыран елім – Қазақстаным» әнұранын орындау.
Қалалық алаң, 17:00
«Жастық толқынында» фестивалі.
Саран
21 қазан
Мәдениет үйі артындағы саябақ, 12:00
Мерекелік концерт, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар.
Шахтинск
25 қазан
Кеншілер мәдениет үйі, 12:00
Мерекелік концерт.
Абай ауданы
24 қазан
«Юбилейный» концерт залы, Абай қ., 11:00
Республика күніне арналған салтанатты жиын.
25 қазан
Абай қ. әкімдігінің алаңы, 09:30
Мемлекеттік туды көтеру бойынша салтанатты шара.
Ақтоғай ауданы
24 қазан
Ақтоғай а. мәдениет үйі, 11:00
«Тұғырлы Республика» атты мерекелік шара.
25 қазан
Ақтоғай а. Ж.Шайдаров атындағы мәдениет және демалыс саябағы, 13:00
«Қазақстан – ғажапстан» атты мерекелік шара.
Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы, 15:00
«Егемендік – Ел Тұғыры» көрмесі.
Бұқар жырау ауданы
24 қазан
Ботақара к. мәдениет үйі, 11:00
Салтанатты концерт.
Қарқаралы ауданы
25 қазан
Қарқаралы қ. мәдениет үйі, ауылдық клубтар, 11:00
Шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен «Елім менің – Қазақстан» атты концерттік бағдарлама.
Нұра ауданы
23 қазан
Нұра к. мәдениет үйі, 15:00
Қазақстан эстрада жұлдызы Гүрнұр Оразымбетованың концерті.
24 қазан
Нұра к. спорт кешені, 10:00
Жастар арасында шағын футболдан жарыс.
Нұра к. «Арлан» жабық хоккей корты, 10:00
Жастар арасында стритболдан жарыс.
25 қазан
Нұра к. «Жастар алаңы», 10:00
Концерттік бағдарлама, көрме, спорттық сайыстар.
Осакаровка ауданы
23 қазан
Осакаровка к. аудандық мәдениет және демалыс орталығы, 11:00
«Республика күні – ұлттық мереке» атты мерекелік бағдарлама.
24 қазан
Осакаровка к. орталық саябағы, 15:00
«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы.
Шет ауданы
24 қазан
Алтынсарин атындағы мектеп алаңы
«Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным!» атты салтанатты жиын мен концерттік бағдарлама.