Экологтар қарағандылықтарды қалалық сенбілікке қатысуға шақырады

Экологтар қарағандылықтарды қалалық сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 21 қазан сағат 10:00-де Қарағандының барлық жанашыр тұрғындарын қалалық сенбілікке шақырады. "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" деп аталатын экоакция Республика күніне арналған.

Тазалауға арналған екі алаң белгіленді – Теннис орталығы (Республика даңғылы, 11/1) және № 2 оқушылар сарайы (Оңтүстік-Шығыс, 141-ші есеп кварталы, 690-ғимарат).

 Сенбілікке мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер қатысады. Еріктілер өздерімен қолғап және жақсы көңіл-күй алып келсе болады.

Қалалық сенбілікке шыға алмайтындарды ұйымдастырушылар өз аулаларын ретке келтіруді сұрайды.

"Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды өзіңізден бастаған дұрыс. Барша халықты іс-шараға қатысуға, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуға және өз аулаларында сенбілік өткізуге шақырамыз", – дейді экологтар қарағандылықтарға.