
22–29 қазан аралығында ерекше спортшылар IV Жазғы Азия параойындарының медальдары үшін күреседі. Қазақстанның намысын ауқымды жарыстарда 131 спортшы, оның ішінде Қарағанды облысының 10 өкілі қорғайды.
Жарыс Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Оларға 43 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстандық параатлеттер спорттың 13 түрінен өнер көрсетеді: арбадағы волейбол, параканоэ, дзюдо, оқ ату, велоспорт, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, тхэквондо, садақ ату, жүзу, үстел теннисі, шахмат, бочча.
ҚР Ұлттық құрамасының құрамында Қарағанды облысынан бес спорт түрі бойынша 10 спортшы барады:

1. Даяна Федосова – дзюдо.

2. Айдос Жылқышымов – оқ ату.

3. Руфат Хабибуллин, Дастан Мұқашбеков – жеңіл атлетика.

4. Сергей Кинах, Наталья Звягинцева, Диас Кенжебек, Роман Потапов, Андрей Афанасьев – жүзу.

5. Әлімжан Аяпов – шахмат.
2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен III жазғы Азия пара ойындарында ұлттық құрама құрамында Қарағанды облысы төрт спорт түрі бойынша тоғыз адамнан тұрды. Сол кезде жүзуші Сергей Кинах екі қашықтықта күміс медаль жеңіп алды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы