Салық сауаттылығы: "Террикон алқабы" тегін митапқа шақырады

Салық сауаттылығы: "Террикон алқабы" тегін митапқа шақырады

"Террикон алқабы" IT-хабы 25 қазан сағат 19:00-де стартаперлер мен кәсіпкерлер үшін салық режимдері туралы пайдалы митап өткізеді. Спикер "СИМКОН өңірлік үнемді технологиялар орталығы" ЖШС консультанты Анастасия Мельник болады.

Тыңдаушылар салық және сабақтас заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ салық салу режимдері туралы ақпарат алады. Анастасия салық есебін қалай дұрыс жүргізу керектігін және айыппұлдан сақтану туралы айтады. Кездесуде 2023 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген жаңа әлеуметтік Кодекстің талдауы болады.

Митап форматы: офлайн және онлайн.

Тerricon.kz сайтында тіркелу қажет.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекен-жайы: Алалыкин көшесі, 12.