
Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға және олардың туыстарына психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған "Арқалан" әлеуметтік жобасы іске қосылды.

"Арқалан" жобасын қоғам қайраткері Абай Сыздықов бастаған бір топ пікірлес арбаға таңылған адамдар жүзеге асырады. Сегіз жыл бұрын Абай өндірістік жарақат алып, кейін мүгедектер арбасына таңылған. Жеке тәжірибесіне сүйене отырып, ер адам мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендірмекші.
– Өзара көмек тобын құру идеясы Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың директоры профессор Еркін-Дәуір Құрманғалиевке тиесілі, – дейді Абай. – Ол ұсынды, ал мен ұсынғанын жүзеге асырып көруді шештім, өйткені мен мүгедектер арбасына отырғанда дені сау адамдардың ішін қандай сезім алып жатқанын білемін. Пікірлестерімді жинадым, оның ішінде Х. Ж. Мақажанов атындағы клиника психологы да бар. Біз мүгедектікке байланысты пәтерлерінде қамалған адамдарға көмектескіміз келеді.
Абай Сыздықов – нағыз мотиватор. Күрделі жарақатқа қарамастан, оеың еңсесі түспеді, спортпен шұғылданады, өзін-өзі дамытады. Соңғы бес жыл 3D-визуализация және дизайн саласында жұмыс істеді, жақында Алматыда өткен параармрестлингтен әлем чемпионатына қатысты, радио мектебін бітірді, актерлік дауыстық дубляж мектебінде оқиды. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға да уақыт табады.
– Біз бір айға жуық жұмыс істейміз. Пікірлес адамдармен кездесулерді Amanat партиясының ғимаратында өткіземіз, – дейді Абай. – Біз барлық тілек білдірушілермен өз білімімізбен бөлісетін боламыз. Мүгедектікті рәсімдеу, оңалту орталықтары, жаңа кәсіптер, спорт, мүгедектердің құқықтары туралы айтып береміз. Бейне жазамыз, бейне қоңыраулар арқылы сөйлесеміз және т. б. ұйымдастырамыз.
Өзара көмек тобының кездесулері әр сенбі сайын сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Әлиханов көшесі, 4 мекенжайындағы Amanat партиясы ғимаратының бірінші қабатында өтеді. Қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 8-700-250-93-20 (Қайрат), 8-700-271-27-87 (Елена), 8-701-371-71-51 (Әсем), 8-700-572-59-37 (Абай).