Қарағандыда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 21 қазанда өтеді

Қарағандыда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 21 қазанда өтеді

Қарағандылықтарды "Ауыл Береке – 2023" кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады. Ол алдағы сенбіде, 21 қазанда "Global city" СОО аумағында өтеді.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, өз өнімдерін облыстың жеті ауданының 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынады. Қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. 560 тонна жергілікті өнім жеткізіледі деп күтілуде: ет, картоп, көкөністер, сүт өнімдері және т. б.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке орнына тегін көлік қатынасы ұйымдастырылады.

Автобустар төрт бағытта жүреді:

Сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін – "30-шы шағынаудан – Global Сity", бағыты келесідей: 30-шы ықшам аудан – Мұқанов көшесі – Республика даңғылы – Шахтеров даңғылы –Тәттімбет көшесі;

10:00-ден 16:00-ге дейін:

– "Сұрыптау –Майқұдық – Global City", автобус "Жастар" кафесінен аттанады, одан кейін Жекібаев, Мануильский, Серов, Дружба, Менделеев көшелерімен, одан кейін Магнитогорская – К. Маркс көшелерімен жүреді;

– "Михайловка – Global City", бағыт ДСК-дан басталады, одан кейін: Сейфуллин даңғылы – Аманжолов – Чкалов – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль.

- "Пришахтинск – Global City", бағыты келесідей: 23 ш/а – Луначарский – Зелинский – Попов көшесі – 1-ші 5 магистраль – Гоголь – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль.

Барлық автобустарда арнайы "Жәрмеңке" тақтайшалары орналастырылады.