Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы балаларға арналған тегін шеберлік сабағын өткізеді

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы балаларға арналған тегін шеберлік сабағын өткізеді

"Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы 10 жастан асқан балаларды "Шыныаяқ астына қоятын киіз басу" тегін шеберлік сабағына шақырады.

"Шеберлік сабағына қатысып, балалар жағымды эмоциялар алып, шығармашылық атмосфераға енеді, жүнмен жұмыс істеу технологиясын үйренеді. Жасаған бұйымдары балалардың өздерінде қалады", – дейді ұйымдастырушылар.

Шеберлік сабағы сенбі, 21 қазан, сағат 13:00-де Шахтерлер даңғылы, 64, 311-ші кабинет мекен-жайы бойынша Достық үйінде өтеді.

Анықтама және алдын ала жазылу телефоны: 8-700-405-05-34.