Қарағандылықтар құрылыс және ірі көлемді қоқыстарды қайда шығаруы тиіс

Қарағандылықтар құрылыс және ірі көлемді қоқыстарды қайда шығаруы тиіс

Экологтар қарағандылықтарды тұрғын үйлердің аулаларында ескі жиһаздар мен істен шыққан техниканы, құрылыс қоқыстарын жинамауға шақырады. Қала тұрғындарына қоқыс полигондарының мекен-жайлары еске салынды.

Заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу үшін көлемді және құрылыс қоқыстарын келесі полигондарға шығару қажет:

– Қарағанды қаласының "ГорКомТранс" ЖШС – телефон: (8-7212) 56-31-81,

e-mail: Gorkomtrans@yandex.kz;

- "Қарағанды – Ресайклинг" ЖШС – телефон 8-701-526-79-28;

- "Гордорсервис-Т" ЖШС Теміртау қ. – телефон 8-775-853-83-58,

e-mail: gordor58@mail.ru.

Бұл компаниялардың полигондарында құрылыс қалдықтарын қабылдап қана қоймай, оларды сұрыптайды. Олардың бір бөлігі қайта өңделеді: оларды қайта пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдарға беруге болады.

Құрылыс қалдықтарын өңдеумен келесі компаниялар айналысады:

– "Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор" ЖШС – телефон (8-7212) 41-00-29, e-mail: info@promothod.kz;

– "Эколидер" ЖШС – телефон (8-7212) 41-00-29.

Айта кету керек, ҚТҚ полигондары қауіпті медициналық қалдықтарды, майланған шүберектерді, пайдаланылған майларды және т.б. қабылдамайды. Оларды келесі мекемелерге тапсыруға болады:

– "Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор" ЖШС – телефон (8-7212) 41-00-29, e-mail: info@promothod.kz;

– "Утилизация ЛТД" ЖШС –телефон (8-7212) 56-20-56, e-mail: utilization-kz@mail.ru;

– "Фирма "Чистый дом" ЖШС – телефон (8-7212) 78-75-16, e-mail: dom565866@mail.ru.

Қарағанды облысы экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша