
КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовті еске алуға арналған халықаралық турнирде Қарағанды облысының жас дзюдошылары төрт алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

2006–2007 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан халықаралық турнир дәстүрлі түрде Таразда өтті. Оған Қарағанды облысынан 32 спортшы қатысты. Олардың бесеуі жүлделі орындарға ие болды.

+70 салмақ дәрежесіндегі алтын медальді облыстық құраманың қоржынына Руслана Махатова алып келді. Дзюдодан және қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер қыз колледжде дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша оқиды.
– Мен 17 жастамын, екі жылдан бері дзюдомен айналысамын. Жастар арасындағы Азия кубогында үшінші орын алдым. Таразда мен бес жекпе-жек өткіздім, қарсыластарым мықты, бірақ мен оларды жеңе алдым. Менің ойымша, бұл жүйелі жаттығулар мен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында, – дейді Руслана.
Сонымен қатар Шерхан Алпанов +90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтынға ие болды. Ол дзюдодан спорт шебері, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер.
– Жекпе-жек қызықты болды. Финалда мен Өзбекстаннан келген спортшымен күрестім. Жеңіс оңай болған жоқ, – дейді Шерхан.

Облыс құрамасының қоржынына тағы екі алтынды Аяулым Қайрат пен Никита Азаров әкелді. Олар 52 және 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Рамиля Арыстанбекова турнирде қола медаль иеленді. Бойжеткен +70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
"Турнир жоғары деңгейде өтті. Әр түрлі елдердің спортшылары болды. Біздің дзюдошылар жақсы дайындық көрсетті", – деп атап өтті спортшылардың жаттықтырушылары.