
К.С.Станиславский атындағы Қарағанды драма театрының шығармашылық зертханасы 24 қазан күні сағат 19:00-де қарағандылықтарды адам өмірінің мәні туралы ой қозғауға шақырады. «Біз» атты поэзия кешінде көрермендер заманауи авторлардың шығармаларымен танысады.
Шағын спектакльді театр әртістері Виталий Мосин мен Алена Звонова ойластырған.
Кеште сахнада соңғы онжылдықта жазылған өлеңдер оқылады. Авторлардың қатарында Самрат Иржасов, Ах Астахова, Ирина Самарина-Лабиринт және басқалары бар. Алайда бұл тек өлең оқу емес. Барлық өлеңдер қарапайым адам өмірі жайлы баяндайтын болады. Басты рөлді актер Денис Цветков сомдайды.
- Біз адамның өмірін қаз қалпында көрсетеміз. Әрбір өлең келесі өлеңмен тоғысады. Шығармалар алғашқы махаббат, ана, достық, сатқындық, мүмкіндіктер мен қателіктер туралы айтылады. Музыкалық сүйемелдеу ретінде гитара таңдалды. Әндер де болады, – дейді Алена Звонова.
Көрерменге формат ұнаса, поэзия кештері жалғасын табады.