
Қарағанды облысының тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Өңірде заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болу жағдайлары жиілеп кетті. Экология департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлескен рейдтер кезінде бірнеше фактілерді анықтады.
Мысалы, Байкен Әшімов көшесінде "Трилистник" тұрғын үй кешені үйлерінің ауданында экологиялық заңнаманы бұзу деректері анықталған. Онда құрылыс қалдықтарының полигоны табылды. Әкімшілік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны іздеуге кірісті.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаны ластағаны үшін тәртіп бұзушыларға 50-ден 300 АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын ескертеді.