Қарағандылықтарды минималист-композиторлардың музыкасын тыңдауға шақырады

Қарағандылықтарды минималист-композиторлардың музыкасын тыңдауға шақырады

Қарағандыда Dybys Symphony атты жаңа музыкалық жоба пайда болды. Өнер жанкүйерлеріне аспаптардың синтезі естілетін концерттер ұсынылады. Алдағы жексенбі, 15 қазанда ішекті оркестр, ағаштан жасалған үрмелі аспаптар, фортепиано және қыл-қобыздың сүйемелдеуімен орындалған минималист композиторлардың музыкасын тыңдауға шақырады.

Бағдарламада кинокомпозиторлар Людовико Эйнаудидің ("1+1", "Көшпенділер елі" және т.б.), Ханс Циммердің ("Интерстеллар", "Начало" және т. б.), Ян Тирсеннің ("Амели"), Макс Рихтердің, сондай-ақ академиялық минимализм өкілдері Арво Пярт пен Филипп Гласстың шығармалары орындалады.

"Минималистердің шығармашылығы – қазіргі заманның ықпалды және өзекті музыкалық бағыты. Минимализм демократиялық, қол жетімді, қысқа және мәнерлі", - деп атап өтті жоба жетекшісі, дирижер Әбілқайыр Сағымбаев.

Концерттің басталуы сағат 17:00-де.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.