Қарағанды медицина университетінің клиникасында ашық есік күні өтеді

Қарағанды медицина университетінің клиникасында ашық есік күні өтеді

14 қазан күні Қарағанды медицина университетінің клиникасында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ашық есік күні өтеді. Клиниканың профессорлары мен тәжірибелі дәрігерлері пациенттерге тегін кеңес береді.

Тексеруге алдын-ала жазылусыз келуге болады, бейінді мамандар кезек бойынша қабылдайды. Пациенттерде барлық соңғы жазбалар, сынақтар мен түскен сараптамалардың нәтижелері болуы керек.

Пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

1. Айдосов Марат Рахымұлы - жоғары санатты жақ-бет хирургі;

2. Әмірбекова Жанна Түймебайқызы - акушер-гинеколог, PhD, қауымдастырылған профессор, акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі;

3. Асамиданов Еркебұлан Марғұланұлы - уролог-андролог, PhD, қауымдастырылған профессор;

4. Асқаров Мейрамбек Сатыбалдыұлы - жоғары санатты балалар хирургы, д.м.н., профессор (қабылдау 10.00-ден 12.00-ге дейін);

5. Бадыров Руслан Мұратұлы - хирург, клиниканың хирургиялық блогының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор;

6. Каримова Еркеназ Дәулетқызы - пульмонолог;

7. Молотов-Лучанский Вилен Борисович - эндокринолог, терапевт, профессор, д.м.н.;

8. Төлеуов Рустам Орынғалиұлы - невропатолог, неврология, психиатрия және оңалту кафедрасының 1-санатты ассистенті;

9. Юсифов Замиг Ализаминович - жоғары санатты проктолог, PhD, қауымдастырылған профессор (қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін).

Мекен-жайы: Пришахтинск, Ардақ көшесі, 1, 3-құрылыс. «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ клиникасы, «Келушілерге арналған блок» арқылы кіру.

Анықтама телефондары: 8 7212 50 06 61, 8 702 289 97 02.