Қарағандылық әртістер Дүниежүзілік би фестивалінде күміс жүлдеге ие болды

Қарағандылық әртістер Дүниежүзілік би фестивалінде күміс жүлдеге ие болды

Оңтүстік Корей елінің Чонан қаласында FIDAF-2023 халықаралық би фестивалі өтті. Шығармашылық додаға 16 елдің фольклорлық ансамбльдері қатысты. Қазақстанның намысын Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің «Аққу» және «Арқа сазы» ұжымдары қорғады.

- Біздің әртістер абыроймен өнер көрсетіп, көрермендерді баурап алды. Көрермендер келіп, біздің қойылымдарымызға қызығушылық танытып, қандай музыка, композитор кім деп сұрап жатты. Қазылар алқасы хореографиямыз бен халық аспаптарында ойнауымызды жоғары бағалады, қойылымдардың алуан түрлілігін атап өтті. Біздің ұжымдар екінші орынға ие болды, - дейді Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі басшысының орынбасары Баян Ахметжанова.

«Аққу» бұл марапатқа мерейтойында ие болды. Биыл ансамбль 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар аралығында ұжым ұлттық өнерді насихаттау үшін көп жұмыс жасады. Ансамбльдің гастрольдерімен Германия, Франция, Түркия, Ирак және басқа елдерде өнер көрсетеді.