
Сахнаны толық қайта құру, көптеген спорт және балалар алаңдары, ескі жазғы бассейннің орнына заманауи мұз айдыны - Қарағандыда Теміржолшылар МҮ жанындағы саябағында ауқымды жаңарту жүріп жатыр. Бұл туралы тұрғындар өтінген болатын.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын аралау барысында абаттандыру жұмыстарын тексерді.

Мердігердің айтуынша, Теміржолшылар МҮ жанында нысанның дайындығы 85 % құрайды. Айдың соңына дейін төсеніш төсеу және сахна құрылысы аяқталады. Футбол және баскетбол алаңдары, скейтпарк, воркаут-тренажерлер орнатылды, жүгіру және велосипед жолдары дайын. Мұз айдынына арналған бетон негізі толықтай дерлік аяқталды. Жазда мұнда ролик тебуге болса, ал қыста конькимен сырғанауға болады. Алаңның периметрі бойынша тротуарлар жасалды. Бірнеше ойын алаңы және арнайы ит серуендеу алаңы болады. Жасыл аймақтар ретке келтірілді, жарықтандыру тіректері және заманауи саябақ шамдары орнатылды.

Ермағанбет Бөлекпаев қала әкіміне орнатылып жатқан құрылымдар мен алаңдардың сапасын бақылауды тапсырды.


Жаңарту жұмыстары сондай-ақ "Шахтер" стадионында да жүргізілуде. Мұнда стадионның шеткі аймақтары абаттандырылды.


Қала тұрғындары үшін екі футбол алаңы, воркаут-аймақ, аралас баскетбол-волейбол алаңы ашылды. 4 мың шаршы метрге қырлы тас төселген. Жаңа жарықтандыру тіректері қойылды. Энергияны үнемдейтін жоғары сапалы шамдар орнатылды.


Ермағанбет Бөлекпаев Н. Әбдіров даңғылындағы жаңа шағын алаңда да болды. Мұнда үш ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігердің айтуынша, олар көп уақытын бұрын осында болған жазғы кафелердің орның ботастуға жұмсаған. Ал қазір бұл жерде балалар кешендері, қараңғыда жарқыраған заманауи әткеншектер, орындықтар, гүлзарлар жасалды. Жарықтандыру орнатылды. Мердігер барлық орнатқан құрылымдарына 2 жыл кепілдік береді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары риза.


Дүйсембеков көшесі, 67 мекенжайында облыс әкіміне аула аумағын қалай абаттандырғанын көрсетті. Балалар, футбол және воркаут алаңдары салынды. Абаттандыру келесі жылы жалғасады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы 11-ші орамдағы № 10 үйдің шатыры қалай жөнделгенін тексерді. Биыл мамырда үйдің шатыры толығымен өртеніп кеткен болатын. Қалпына келтіруге бюджеттен ақша бөлінді. Биыл үйдің жанында жаңа футбол алаңы салынды.


Сонымен қатар, Ермағанбет Бөлекпаев Пичугин – Новоселов көшесіндегі күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан жолды тексерді. Жоба 2024 жылға ауысады. Бұл көлік көп жүретін транзиттік көше. Күн сайын вокзалға қалааралық автобустар өтеді. Топырақтың шөгуіне байланысты негізді толығымен ауыстыру туралы шешім қабылданды. Нөсерағарлар, жаяу жүргіншілер жолы және техникалық тротуарлар жоспарланған. Жарықтандыру толығымен ауыстырылады.