
Қарағанды облысына Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Адбуллах әл-Темими келді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, гуманитарлық-мәдени, инвестициялық және білім беру байланыстарын жолға қою мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
– Біз инвестиция тартуға мүдделіміз. Нақты бизнес-жобаларды қарастыруға дайынбыз. Бір кездері біз тауарларды Иракқа экспорттаған болатынбыз. Тағы да ынтымақтасуға қуана келісеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Өз кезегінде Джабер Нажма Абдуллах әл-Темими өнеркәсіп пен туризм саласындағы қатынастарды дамытуды ұсынды.
Уақытша сенімді өкіл Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне де барып қайтты.