
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесті. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысында жер қатынастары, құрылыс саласы және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері көтерілді.
"Жекешелендіру және инвестициялар бюросының" директоры Александр Перов бос жер учаскелері туралы сайттарда ақпараттың уақтылы жаңартылмауына немесе мүлдем болмауына шағымданды. Оның айтуынша, дүңгіршектер мен көше саудасына жер бөлу мәселесі де шешімін таппаған күйінде қалып отыр.
Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселеде кәсіпкерлер мен қала әкімшілігі арасындағы тепе-теңдік қажеттілігін атап өтті. Көше саудасына арналған дүңгіршектер мен құрылымдар эстетикалық түрғыда жағымды көрінуі керек.
«Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы Игорь Жабяк тозған жайылымдар мен суармалы жерлерді қалпына келтіру туралы айтты. Ол мемлекеттің шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау қажеттігін атап өтті.
Кәсіпкерлер салық салу саласындағы мәселелерді де көтерді.