НЗМ виртуалды мектебіне тіркелу басталды

НЗМ виртуалды мектебіне тіркелу басталды

Виртуалды мектепте НЗМ-нің жетінші сыныптарында оқуға конкурстық іріктеуге дайындалуға көмектеседі. Оқуға 5-6 сынып оқушылары шақырылады. Тіркеу 2023 жылғы 9 қазан мен 18 желтоқсан аралығында vs.nis.edu.kz сайтында жүзеге асырылады.

Виртуалды мектепте оқыту бағдарламасы математика, тілдер - қазақ, орыс және ағылшын, жаратылыстану пәндері бойынша сабақтарды қамтиды. Тыңдаушылар алдағы уақытта "Өркен" білім беру гранты бойынша НЗМ-ге түсу үшін өз білімдерін жетілдіре алады.

Виртуалды мектепте оқу тегін. Аяқтағаннан кейін түлектер өткен материалды бекітуге арналған тест тапсырмаларын орындайды және онлайн форматта қорытынды тестілеуден өтеді.

Қорытынды тестілеуде ең жоғары балдың 50 және одан да көп пайызын жинағандар сабақтары күндізгі форматта өтетін демалыс мектебіне шақыру алады.

Толығырақ виртуалды және демалыс мектептеріндегі оқыту туралы ақпарат vs.nis.edu.kz сайтында.