
Шет ауданының спортшылары дзюдодан халықаралық Ашық Азия Кубогында алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Ақтаудағы біріншілікке тоғыз елден келген 250-ге жуық татами шеберлері қатысты. Турнирдің бас төрешісі Азия дзюдо одағының директоры - Осако Акинобу болды.

Қарағанды облысының атынан тоғыз спортшы қатысты, олардың үшеуі құрмет тұғырына көтерілді.
Алтынды 19 жастағы Алдияр Қарағұлов жеңіп алды. Турнирде ол 60 кг салмақ дәрежесінде төрт жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын айтарлықтай артықшылықпен жеңді.

- Мен Шет ауданының Босаға ауылынан келдім. Дзюдомен шамамен 10 жыл бойы айналысамын. Қазір Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледжінде үшінші курста оқып жүрмін, - деді Алдияр Қарағұлов. - Asian Open-де қарсыластар лайықты болды. Менің жеңісім - күрделі жаттығулар мен жаттықтырушылардың менің шыңдалуыма жұмсаған еңбегінің нәтижесі. Бұл менің алғашқы жаттықтырушым Ерлік Биғашев және қазіргі бапкерім Андрей Гуденок. Болашақта Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы болуды армандаймын.


Қола медальдарды Шет ауданының спортшылары Дастан Жұмажан мен Ұлан Әлтаев жеңіп алды. Олар 73 және 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.