Қарағанды облысында ашық аспан астында халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтеді

Қарағанды облысында ашық аспан астында халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтеді

Қарағанды облысында қасиетті жерде, Талды алқабында І Халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтеді. Ауқымды іс-шара алдағы сенбі, 14 қазанда өтеді. Басталуы сағат 10:00-де.

Қонақтар көшпенділердің тарихы мен дәстүрлерін тамашалай алады. Бағдарламада шеберлік сабақтары, театрландырылған қойылымдар, гастрономиялық шоу және тағы басқалар шаралар қарастырылған.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Талды – әлемдік өркениеттер тоғысында" фестиваліне Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан тарихшылары қатысатынын хабарлады. Бағдарламада сондай-ақ ғылыми конференция да қарастырылған.

"Талды тарихи-археологиялық паркі - отандық және шетелдік туристерді тартатын ашық аспан астындағы мұражай. Оның аумағында қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің 200-ге жуық ескерткіштері шоғырланған. Басты назар аударарлық жайт - 3000 жылдық Беғазы пирамидасы", - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.

Археологиялық ескерткіштер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады.

Фестивальде қола балқыту, қыш жасау процесін көруге болады. Этнографтар мен тарихшылар ұмытылған ұлттық тағамдар туралы әңгімелейді. Қазақтың асыл тұқымды иттері мен аңшы құстардың көрмесі өтеді. Садақшылар өз шеберліктерін көрсетеді.

 Мереке лазерлік шоумен аяқталады.