
Жүзуден Қарағанды облыстық олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері Азия ойындарының құрмет тұғырының үшінші сатысына екі рет көтерілді. Спортшылар "дуэт" және "көркем жүзу" бағдарламаларында марапаттарға ие болды.


Алдымен жанкүйерлерін Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қуантты. Ал Азия ойындарының соңғы күні командалық өнер көрсетуде қола медальдарды Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Этери Какутия және Арина Мясникова жеңіп алды.


- Бұл керемет нәтиже, егер біз тек Қытай мен Жапониядан артта қалғанымызды ескерсек, - деп атап өтті Қарағанды облысының көркемдік жүзуден аға жаттықтырушысы Елена Котова. - Сонымен қатар, марапаттарға ие болу одан да қиындай түсті, өйткені қойылымдарды бағалау жүйесі өзгерді. Ол бағдарламаның барлық түрлерінде жиынтық болды. Ал біздің қыздар жарады, жеңіске жетті.
Ханчжоуда өткен Азиадада қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының қоржынына алты медаль алып келді: бір күміс және 5 қола. Ел құрамасы әр түрлі номинациядағы 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. Қорытынды есепте 11 орын алды.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша