Жыл соңына дейін Қарағанды облысының автопарктері тағы жүз жаңа автобуспен толығады

Жыл соңына дейін Қарағанды облысының автопарктері тағы жүз жаңа автобуспен толығады

Биыл Қарағанды облысында 195 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.

Оның 95-і маршруттарға шықты, деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

– Облыста қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Биыл 195 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Оның 95-і сатып алынған және маршруттарда іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 100 автобус жеткізіледі деп күтілуде. Олардың 96-сын № 3 автобус паркі, тағы төртеуін – "Рейс" ЖМ сатып алады.

Бұл ретте № 3 автопарк сатып алатын 36 автобус қалааралық маршруттардағы ескірген жылжымалы құрамды ауыстырады. Нәтижесінде Қарағанды маңына қызмет көрсететін автобустардың 50 % жаңартылады, – деді спикер. 

Қалалар мен аудандардағы автобустарды жаңартуға қатысты. Мақсұт Қожановтың айтуынша, өткен жылы Саран қаласында қалаішілік маршруттарда 11 автобус ауыстырылған. Оларды тасымалдаушы QazTehna зауытынан сатып алды.

– Абай ауданында биыл "СемАЗ" зауытынан сегіз жаңа автобус сатып алу жұмыстары жүргізілуде, соның есебінен қала ішіндегі және ауданішілік бағыттардағы жылжымалы құрамды жаңарту жоспарлануда. Автобустар жыл соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде. Балқаш бойынша қалаішілік маршруттардағы ескірген автобустар паркін толық ауыстыру мәселесі де пысықталуда. QazTehna зауытынан өнеркәсіпті дамыту қорының жеңілдікті тетігі арқылы 29 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда. Автобустар 2024 жылдың басында жеткізіледі деп күтілуде, – дейді Мақсұт Қожанов.