
Омбыда 4 қазанда VII Халықаралық қуыршақ театрларының "В гостях у Арлекина" фестивалі ашылды. Бұл іс-шараға сегіз елдің ұжымдары жиналды.

Қазақстан атынан Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының "Буратино" қуыршақ студиясы өнер көрсетеді.

Фестиваль алаңында қарағандылықтар 8 қазанда "Ханның үш қызы" қазақ халық ертегісі негізінде қойылған "Домбыраның алтын ішектері" қуыршақ спектаклін көрсетеді. Қарағанды сахнасында оның премьерасы өткен жылдың шілде айында өтті. Қойылымды жас көрермендер көңілінен шықты, енді оны қуыршақ өнерінің жанкүйерлері мен театр мамандары бағалайды.
"Қуыршақ спектаклінің негізіне қазақтың "Ханның үш қызы" халық ертегісі - сөзге беріктік, махаббат туралы әңгіме, арамдық пен адалдық туралы ертегі салынды. Бұл ертегінің басты кейіпкері – домбыра, оның таңғажайып дыбыстары қойылымдағы актерлердің ойынымен бірге жүреді", – делінген фестиваль аңдатпасында.

Фестиваль қорытындысы бойынша халықаралық қазылар алқасы үздік қойылымдарды таңдайды.
Қарағанды делегациясы шеберлік сабақтары мен кәсіби пікірталастарға да қатысады.