
Қарағандылықтарды 16 қазан күні сағат 19:00-де Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің "Сарайшықтан сәлем саз" концертіне "Шалқыма" к/з шақырылады.
Кеш қонағы – Айтқали Жайымов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері. Қазақ дирижері, композитор, музыкалық педагог, профессор. АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Австрия, Франция, Норвегия, Куба, Чехия, Қытай, Түркия, Ресей сияқты елдерде концерттер өткізді.
"Ерен еңбегі үшін" медалінің иегерлері Аманжан Басығариев, Жәнібек Жәмиев, "Құрмет" орденінің иегерлері Қайрат Кәкімов, Мәдениет үздігі Ақнар Тәттібайқызы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ардақ Айғалиева, Абдулла Мұқанғалиев, Бақытбек Сәрсенов, Ринат Ғимранов, Айбек Сапанов, Берік Амантаев және Баубек Өмірғали музыка сүйер қауымның алдында өнер көрсетеді.
Көркемдік жетекші және бас дирижер – Болат Долдашов.
Дирижер – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Рахила Ерғалиева.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.