Балқаштық кикбоксшы Португалияға әлем чемпионатына жолдама алды

Балқаштық кикбоксшы Португалияға әлем чемпионатына жолдама алды

Он сегіз жасар Нұрсұлтан Сатиев кикбоксингтен республикалық турнирдің жеңімпазы атанып, Португалияда өткен әлем чемпионатына жолдама алды.

Балқашта ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрам Боранбаевты еске алуға арналған кикбоксингтен республикалық турнир өтті. Оған еліміздің тоғыз өңірінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 40-тан астам спортшы қатысты.

– Ең мықты турнирге ел чемпионатында жүлделі орындарға ие болған спортшылар ғана қатысты. Бұл жарыстар іріктеу болды. Жеңімпаз 17 қарашада Португалияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды, – дейді турнирді ұйымдастырушы Дулат Саметов. – Біздің қалада кикбоксинг 2007 жылдан бастап дами бастады. Балқаштың намысын төрт спортшы қорғады. Облыс құрамасынан барлығы алты адам қатысты. Олардың біреуі ғана – Нұрсұлтан Сатиев жеңіске жетті.

Нұрсұлтан Сатиев "ересектер" санатында өнер көрсетті, дегенмен ол жақында ғана "жастар" санатында болды. Қарсыластарымен жас айырмашылығына қарамастан, 18 жастағы спортшы сенімді жеңіске жетті. Ол қарсыластарын 3-0 есебімен жеңді.

– 9 жасымнан бастап кикбоксингпен айналысамын. Мен кикбоксингтен спорт шеберімін, Қазақстанның үш дүркін чемпионымын, 2022 жылғы Әлем Кубогының (Түркия) иегері, 2022 жылғы әлем чемпионатының (Италия) жүлдегерімін. Мен 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетемін, – деді Нұрсұлтан Сәпиев. – Турнирде бірінші жекпе-жек қызылордалық спортшымен болды, жартылай финалда павлодарлық жауынгермен кездестім және финалда тараздық кикбоксшымен жекпе-жек өткіздім. Барлық қарсыластар менің жасымнан үлкен және тәжірибелі болды. Бірақ соған қарамастан мен жеңе алдым.

Нұрсұлтан бапкерлер – Жомарт Үсен мен Дулат Сәметовтің тәлімгерлігі оған қарсыластарын жеңуге көмектескеніне сенімді. Қазір спортшы Алматыда жиынға дайындалуда, одан кейін Португалияға барады.