Елордадағы фотокөрмеде қарағандылық құтқарушылардың портреттері қойылды

Елордадағы фотокөрмеде қарағандылық құтқарушылардың портреттері қойылды

Астанадағы "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінде фотокөрме ұйымдастырылды. Онда ТЖМ қызметкерлерінің: өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, сүңгуірлердің, кинологтардың, медицина қызметкерлерінің, ұшқыштардың, психологтардың және әскери қызметшілердің портреттері ұсынылған.

112 суреттің ішінде Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерінің төрт портреті бар.

Бұл өрт сөндіру қызметтері Жандос Құрабаев, Әлихан Шардарбеков, Алекс Бородин және жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бақытжан Есетов.

Әрбір портретте QR коды бар, оны сканерлеу арқылы сіз фото картинаның кейіпкерінің өмірімен таныса аласыз.

Жарқын фотосуреттердің арасында QR коды бар қара тақта бар. Ол арқылы rizamyz.com сайтана өтіп, өз міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының өмір тарихымен танысуға болады. Олардың арасында 2005 жылы Қарағандыдағы Тернопольская көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстарын сөндіру кезінде қаза тапқан қарағандылық Дмитрий Гревцов та бар.

Көрме Қазақстанның BI GROUP инновациялық Холдингінің қолдауымен RIZAMYZ әлеуметтік жобасы аясында кәсіби мереке орай – 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылды.

RIZAMYZ Qutqarushi 20 қазанға дейін жалғасады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша