
Қарағанды облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Республикалық маңызы бар трассаларда жол-көлік оқиғаларының саны артты, мұндағы басты себеп – жылдамдық режимін асыру. Полицейлер жылдамдық өлшегіштерді арка тәрізді құрылымдарға орнатуды ұсынады.
– Жол қауіпсіздігіне мүмкіндігінше көп көңіл бөліңіздер. Бұл тек республикалық маңызы бар жолдарға ғана емес, облыстық, қалалық, аудандық жолдарға да қатысты. Аралық шаралар қабылдап, барлығына бірлесіп әрекет ету керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Алматы – Екатеринбург автожолының ұзақ құрылысы да ЖКО орын алу факторларының бірі болып табылады, деп атап өтті облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмағұлов.
– Алматы – Екатеринбург жолының ең қауіпті учаскесі – Қарағандыдан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі Ақтоғай, Шет және Абай аудандары бойынша өтетін бағыт. Жолдың төрт жолағы бар тағы жеті учаскесінің ашылуын қарастыру қажет. Жалпы ұзындығы – 154 км. Бұл көлік ағынын бәсеңдету және қарсы қозғалыс жолағына шығуды болдырмау үшін қажет, – деді Құрманғали Исмағұлов.
Сондай-ақ, қайта жаңартылатын учаскелерде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қиыршық тас, лас жол, қоқыс жәшіктері, жол бойындағы кемпингтер мен қоғамдық дәретханалар жоқ. Мердігерлерге айыппұл салынды.
Отырыста күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы да айтылды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ директоры Ерлан Жұмағұловтың айтуынша, Осакаровка – Қарағанды жолына техника сатып алынуда. Қазан айының соңына дейін 20 бірлік аралас жол техникасы сатып алынады, тағы 14-і жалға алынады. Қарағанды – Балқаш жолы үшін техника санын 30 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.
Жолдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы қалалар мен аудандардың әкімдері баяндады.
– Көрсеткіштерге қарасаң, барлығы жақсы, ал іс жүзінде әрдайым олай бола бермейді, – деді өңір басшысы. – Барлығы дайын болуы керек: техника, қызметкерлер, жолдарды себуге арналған материал және т.б. Қазан айының соңына қарай біз ол аймақтарды аралап, бәрін тексереміз.
Сондай-ақ, кездесуде ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Құқық бұзушылықтардың алдын алудың және оларға дереу ден қоюдың ең пәрменді тәсілі бейнебақылау камераларын орнату болып табылады. Бүгінде Қарағандыда 5 мыңға жуық камера бар. 40 заманауи "Рубеж" жүйесін сатып алу жоспарлануда, оның 30-ы облыс орталығында орнатылады.