Қарағандыда Қазбек Ашляевті еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Қарағандыда Қазбек Ашляевті еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайының қасбетінде дене шынықтыру және спорт саласындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағандының құрметті азаматы Қазбек Ашляевтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.

Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, КСРО спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі – Қазбек Ашляев өңірдің дамуына елеулі үлес қосты.

– Қарағанды үшін менің ағам ерекше тұлға. Ол бүкіл өмірін спортқа да, қоғамдық жұмысқа да арнады. 14 жасында ол Куйбышевте өткен Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы болған кезде Қарағандыны спорттық картада белгілеген болатын. Ал 16 жасында ол КСРО чемпионы болды. Қарағанды тек кеншілер астанасы ретінде ғана емес, спорт чемпиондарының мекені ретінде де таныла бастады, – дейді Серік Ашляев.

Қазбек Ашляев бокспен сәл кеш шұғылдана бастады – 12 жасында. Бірақ ол керемет нәтижелерге қол жеткізді – КСРО чемпионы, Еуропа Кубогының жеңімпазы. Бүкіл спорттық мансабында рингте өткізілген 169 жекпе-жектің 160-да ол жеңіске жетті.

"ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы Қазбек Ашляевке 24 жасында берілді. Ол 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасына дайындық бойынша КСРО құрамасының тәлімгерлерінің қатарына шақырылды. Қазбек Ашляев көрнекті спортшы мен жаттықтырушыдан республикалық ауқымдағы беделді басшыға дейінгі жолдан өтті.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша