
Қарағанды облысында 7-10 мамыр аралығында 31 алдын алу рейдтері өткізілді. Патрульдеу дронның көмегімен де жүргізілді.
Мамырда саяжай маусымы мен көктемгі егіс науқаны басталатыны белгілі. Шаруа қожалықтарының қызметкерлері, сондай-ақ саяжайлар бұл кезеңде көбіне өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамайды. Сондықтан да саяжай қоғамдары мен алқаптағы жұмыстарды жүргізу орындары бойынша рейдтер, нұсқаулықтар, әңгімелесулер, тұрғындармен және шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жиындар қандай да бір төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеуге көмектеседі. Әсіресе, бұл жұмыстар демалыс, мереке күндері, тұрғындар қалаға, саяжай учаскелеріне баратын кезде белсенді түрде жүргізіледі.
Осылайша, 7-10 мамыр аралығында ТЖД бөлімшелері жергілікті полиция қызметінің мамандарымен, Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша шаруашылық қызметкерлерімен, «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен және «Доброволец» ҚБ Қарағанды облысының аумағында 31 рейд өткізді. Алдын алу іс-шаралары 13 саяжай қоғамы, сондай-ақ алты ауылдық округтердің 15 шаруа қожалығында өткізілді. 1 386 адамға нұсқау берілді.
Патрульдеу дронның көмегімен жүргізілді.
Қарағандыда рейд барысында «Натуралист» саяжай учаскесінің аумағында шөп пен қураған шөптерді заңсыз күйдіру анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 410-бабының 1-тармағы бойынша хаттама (ескерту) жасалды.
Рейд кезінде саяжайлар мен шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне саяжай учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде плакаттар мен жадынамалар табыс етілді.
Алдын алу жұмыстары үшін рейдке қатысушылар өртке қарсы тақырыптағы аудиожазбаларды трансляциялау үшін мобильді хабарлау кешені мен қызметтік автокөліктердің дауыс зорайтқыш құрылғыларын пайдаланды.
ТЖД қызметкерлері елді мекендер, саяжай кооперативтері, бау-бақша серіктестіктері аумағында құрғақ, ыстық және желді ауа райында от жағуға, басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, соның ішінде пештерді, ас үй ошақтарын және қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға болмайтынын еске салады. Сондай-ақ жанғыш қалдықтардың үйінділерін жасауға тыйым салынатыны туралы мәлімдеді.