
Қарағандыда балаларға арналған тегін мейірімділік мектебіне қабылдау ашылды. Сабақтар сенбі күндері Қарағанды хайуанаттар бағының жаңа ғимаратында өтеді.

Мейірімділік мектебінде жас қарағандылықтарға жануарларға қалай дұрыс күтім жасау керектігін және көшеде қаңғыбас мысық немесе ит тапса не істеу керектігін айтады. Алғашқы сабақтар 14 қазанда өтеді.

– Біз балаларға 12–14 сабақтан тұратын цикл дайындадық. Адамдар мен жануарлар арасындағы қарым-қатынас тарихын, үй жануарларын күту, баптау ережелерін, қаңғыбас жануарларға тап болғанда қауіпсіздік ережелерін үйретеміз, – дейді мейірімділік мектебінің жетекшісі Инна Радченко. – Біз грумерлерге, ветеринарларға, кинологтарға, экомұражайға барамыз. Яғни, балалар жануарлар туралы ғана емес, экология туралы да көп нәрсені біледі. Нәтижесінде олар эко-өмір салты туралы нақты түсінікке ие болады.

Мейірімділік мектебін бәрнеше жыл ішіне 96 бала бітірді. Бастапқыда сабақтар "У рыжего кота" котокафесінде өтті. Биыл мектеп оқушылары үшін Қарағанды хайуанаттар бағының жаңа ғимаратында жеке бөлме бөлінді. Кіші топқа арналған сабақтар (7–9 жастағы балалар) сенбі күні сағат 11:00-де, үлкен топқа (10–13 жас) 13:00-де өтеді. Топтарда 15 адамнан артық болмайды. Сабақтың ұзақтығы – 1,5 сағат.

– Сабақ циклі үш айға созылады, – деп атап өтті Инна Радченко. – Курстың соңында бала мейірімділік "вакцинасын" алады, мектепте әрдайым бере бермейтін көптеген жақсы эмоциялар мен білім алады. Егер ата-аналардың қалауы болса, олар әрқашан бізге қосыла алады, тек хайуанаттар бағына кіру ақысын төлеуі керек. Балалар үшін кіру және сабақтар тегін.

Мектепке WhatsApp 8-701-319-28-32 нөмірі бойынша жазылуға болады.