Қарағандыда кәсіпкерлер үшін бірыңғай есеп күні өтеді

Қарағандыда кәсіпкерлер үшін бірыңғай есеп күні өтеді

Қарағанды облысының кәсіпкерлерін бірыңғай есеп беру күніне шақырады. Бақылау-қадағалау органдарының өкілдері өз жұмыстары туралы айтып береді.

Кездесу 28 қыркүйекте Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді (Ермеков көшесі, 29). Басталуы 16:00.

Бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, прокуратура мамандары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілдер қатысады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мемлекеттің бақылау-қадағалау функциялары туралы көбірек біліп, өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін жыл сайын бірыңғай есеп беру күні өткізілетінін атап өтті.